Әйел сүйіктісінің өзіне опасыздық жасап жүргенін картаның көмегімен білді
Әйел өзінің жігіті опасыздық жасады деп күдіктеніп, оны тез әшкерелеудің тез жолын тапты.
Блэкберн қаласында тұратын британдық Дженна Клеменстің 41 жастағы ғашығы Бен Джонстонға түнгі уақытта телефонына мәтінді хабарлама түседі. Бойжеткен мұны өзге бір әйелдің хаты деп түсінеді.
Дженна опасыздық туралы жорамалдарының шын болғанын білу үшін картаны қолданды. Ол картадан патшайымды алып, бұл Бендің өмірінде қазір екі әйел бар екендігінің нағыз белгісі деп санады.
Британдық қыз бұрын-соңды болжау ісімен айналыспаған, алайда өз болжауына сенді. Оның сүйіктісінің әпкесі Беннің шынымен де өзгемен қарым-қатынасы бар екенін растады.
Клеменс өзінің сүйіктісін пәтеріне іздеп барып, оны сонда кездестірді. Ер адам бұл айыптауларды жоққа шығарды, бірақ кейін ашуланып, қызын ұрып тастады.
Іші де шықпаған: Әйел жүкті екенін білген күні босанып қалды >>>
Нәтижесінде зардап шегушіде білегі сынған. Ол жүгінген дәрігерлер құқық қорғау органдарына айтты. Бен бір жыл бойы тергеуден жасырынып жүрді, оған іздеу жарияланды.
Алайда ол ұсталып, бір жыл төрт айға бас бостандығынан айыру және 6 ай сынақ мерзіміне кесілді.