Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел өзін тастап кеткен көңілдесінің интимді суреттерін жұбайы мен балаларына жіберген

Фелтем қаласының тұрғыны Лаура Арнольд бұрынғы көңілдесінің интимді суреттерін оның әйелі мен балаларына жіберген.

Баласы бар әйел отбасылы азаматпен бір жылдан астам уақыт кездесіп жүреді. Кейін айырылысып кеткен соң одан кек алмақ болады. Көңілдесіне оның жыныс мүшесін қолына ұстап тұрған сәті түсірілген суретін жібереді. Ертесіне осы уақытқа дейін ешкімге тіс жармай жүргені үшін моральді өтемақы есебінде 6 мың фунт стерлинг көлемінде ақша талап етеді.

Арнольд бұл суретті көңілдесінің әйелі мен балаларына да жібергенін айтады. Көңілдесінің отбасы әйелді сотқа береді. Сот шешіміне сәйкес, британдық әйелдің жәбірленушілермен сөйлесуіне тыйым салынып, 200 фунт айыппұл салынған.

Сотта әйел суреттегі ұятты жерлерді смайликтермен жапқаны үшін қамауға алынбағаны айтылды.

Тағы да оқыңыз:

Сирияда өлтірілген бүлікші әйел ұлын бас кесуге 12 жыл бойы үйреткен

Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын білдірді

Талқылау