Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел маркетплейстен тапсырыс берген заттардың астында тұншығып көз жұмды

Фото: La Repubblica

Италияның Верона қаласында ерекше әрі қайғылы оқиға болды. 57 жастағы әйел өз пәтерінде маркетплейстерден тапсырыс берген тауарлар қалдығының астында қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі La Repubblica-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдің серігі оны біраз уақыттан бері көрмегендіктен және ол басты пәтерге оралмағандықтан бірден полицияға хабарлаған.

Құқық қорғаушылар телефон сигналын бақылап, із-түсін тапқан. Жоғалған әйел өзіне ғана қолжетімді екінші пәтерінде болғаны анықталды.

Кіреберіс бекітіліп, бұғатталғандықтан есікті ашу қиынға соққан. Кейін оның себебі көптеген ашылмаған қорап пен тапсырыс пакеттері болып шықты. Ең сұмдығы – сол заттардың астынан әйел табылды.

Полиция мәліметінше, әйел жылдар бойы жиналған тапсырыстардың салмағынан тұншығып кеткен.

“Әйел еденде жатып, көптеген пакеттң астында қалып, ондаған полиэтилен қапшықтардың арқасында тұншығып кетті”, – деп хабарланады.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол жинақтау синдромынан зардап шеккен. Әйел үнемі маркетплейстерден тауар тапсырыс беріп отырғанымен, оны мүлде ашпаған. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы күнде әйел пәтер кіреберісінде аяқтан тайып, заттарды сүйреп кеткен, олар үстіне құлап, шығуына мүмкіндік бермеген.

Жинақтау синдромы: адамдар ойламайтын қауіп

Мамандардың айтуынша, жинақтау қауіпті формаға өтсе, өлімге әкеп соғуы мүмкін. Бұл синдром заттарды әдеттен тыс жинаумен, оларды өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайда сақтаумен сипатталады.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 03 Сәуір, 2026 01:23