Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел клиникалық өлім кезінде жұмақ пен тозақты көрген

АҚШ-та егде жастағы әйел клиникалық өлім кезінде жұмақ пен тозақты көргенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

шарлотта

Фото: The 700 Club / YouTube

Канзас штатының 68 жастағы тұрғыны Шарлотта Холмс 2019 жылы кардиолог дәрігердің қабылдауына келген. Маман қан қысымын өлшеу кезінде әйелде инсульт болатынын байқаған. Бірнеше минуттан кейін Холмста инсульт тіркеліп, дәрігерлер оны аман алып қалған. Алайда 11 минут көлемінде Шарлоттаның жүрегі соқпаған. Бұл аралықта әйел жұмақ пен тозақты көргенін айтқан. 

Холмс жүрегі тоқтаған соң жаны "денесінен шығып", аспанға кеткен. Ол бұл жақта мерт болған жақындарын көргенін, олардың жас әрі әдемі болғанын айтқан. Сондай-ақ жүктілік кезінде жоғалтқан баласын да көрген екен. Бұдан кейін бейнесінен нұр шашылған Құдай келген. Ол әйелді жұмақ пен тозаққа алып барыпты. 

Әйелдің айтуынша, тозақтағы иіс адам төзгіссіз болған. Ол адамдардың айқайлап, қиналғанын естіген. 

"Құдай маған "адамдар өмірлерін өзгертпесе, дәл осы жерге тап болатынын еске салу үшін көрсетіп жатырмын" деп айтты. "Қайта оралып, оларға осы туралы айт" деді", – деп есіне алды Шарлотта. 

Талқылау