Әйел күйеуінің тоқалын ерекше мақтап жұртты қайран қалдырды (фото)
Ньюпорт-Ньюс қаласының тұрғыны Одри Николь Facebook желісінде кезекті жазбасын жариялады. Ол аталған жазбасында қызы мен оның өгей анасының қарым-қатынасы туралы айтып өткен. Мұнымен қатар, Одри өзге ата-аналарды балаларымен тату болуға шақырады. Никольдың осы жазбасына мыңдаған лүпіл басылып, жақсы тілектер жазылды.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Күн сайын әлемнің түкпірінде түрлі отбасылық оқиғалар болып жатады. Бірінде ерлі-зайыптылар ажырасса, енді екіншісінде анасы қызымен, әкесі ұлымен ренжіседі. Алайда Вирджиния тұрғыны отбасының әрдайым тату-тәтті өмір сүре алатынын дәлелдеп жатыр.
Ньюпорт-Ньюс тұрғыны Одри Никольдың бұрынғы сүйіктісі екінші отбасын құрады. Бір қызығы, ол отбасының бұзылуына себепші болған әлгі әйелді жек көрмейді екен. Керісінше оның өзінің қызы Райлиге өте жақсы қарайтынын айтып жатыр. Ол тіпті бұл туралы Facebook желісінде бөлісті.
Ағымдағы айдың басында Одри Уитни Макгроу есімді әйелге арнап ода жазды. Көпшілік осыдан кейін алғашқысының ақыл-есі кем шығар деп ойлады.
“Бұл – менің қызымның әкесінің жаңа сүйіктісі. Менің өмірімдегі ең үлкен сый! Мен оған ерекше алғыс білдіргім келеді. Себебі, ол қызыма туғанындай қарап, оған түрлі сыйлық алып береді”, – дейді Одри.
Келіншек Уитниді мақтап қана қоймай, көптеген әйелді өзінен үлгі алуға шақырды.
“Әйелдер неге өзгелерге қызғанышпен қарап, оларды аяғынан шалып қалуға тырысады? Әрине, бөтен балаға туған анасындай болу, қарау оңай емес. Десе де, жаратқан берген мүмкіндікті неге пайдаланып көрмеске?! Адамдардың санасында өгей ана міндетті түрде жаман болуы тиіс деген ой қалыптасқан. Бұлай ойлайтындар толып жатыр! Сәбидің бірнеше анасы болуы мүмкін. Себебі, мен оны өзімнен артық жақсы көретін жандардың бар екенін білемін. Мен бақыттымын! Ханымдар, жақсы ана болуға әзірленіңіздер. Көбірек сүйіп, азырақ жеккөріңіздер!” – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Анасы тісін тазаламағаны үшін 4 жасар қызының ішінен теуіп өлтіріп қойды
Баланы көтеріп жүрудің жаңа әдісі табылды
Ата-анасы тастап кеткен 3 жасар бала 8 ай бойы қаңғыбастың күйін кешіп аман қалды (фото)
Фермер көзіне шөп салған әйелінің басын шауып тастады (фото)