Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел күйеуінен аллергия болып зардап шегуде

Миннесоталық 29 жастағы Джоанна Уоткинс есімді келіншек күйеуімен сүйіспек тұрмақ, онымен бір бөлмеде де тұра алмайды. Әйелден сирек кездесетін иммундық ауру – барлық жағдайға аллергия беретін сырқат табылған. Тіпті туған күйеуінен де қатты аллергия болады.

johanna-watkins-6

Олардың үйлену тойынан көрініс

Оның рационы картоп, сәбіз, қияр, сиыр еті секілді шектеулі тағамдармен шектелген. Джоанна өзі арнайы жабдықталған жеке бөлмеде тұрады. Оның бөлмесінде арнаулы ауа сүзгі құрылғысы және өзге де қорғаныс аппараттары орналастырылған. Әйелінен үш қабат төменде тұратын күйеуі Скотт онымен веб-камераның көмегімен ғана байланысады екен.

Олар бұрын қалада тұрған кезде көшедегі темекінің иісі мен буы бұрқырап алыстан шыққан пицца иісінен де аллергия туындаған.

Ерлі-зайыптылар 2013 жылы үйленді. Джоанна мұғалім болып жұмыс істеген. Бастапқыда оның басы жиі ауырып, өзін қолайсыз сезінеді. Соңғы жылдары әйелдің жағдайы төмендеп, жұмысын тастап дұрыстап емделуге мәжбүр болады. Сонымен қатар, олар осы аллергияның кесірінен бірге болып, бірге уақыт өткізе де алмайтын болған.

“Мен Скотт бөлмеге кірген кезде жағдайымның нашарлай бастағанын байқадым. Бірде ол кетіп қалып екі минуттан соң қайта оралған кезде менде анафилактикалық реакция белгісі байқалды. Оның кетуіне тура келді”, – дейді әйел.

Бұдан соң да мұндай жағдай жиі қайталанып, күйеуі әйеліне жақындай алмай қалады. Әйел мұндай қолайсыздықтың орын алатынын ата-анасымен, басқа да таныстарымен болған кездесулер барысында байқайды. Сол себепті ол бір жылдан бері бөлмесінен шыға алмай отыр. Оның анда-санда дәрігерге барғанының өзі қауіпті жағдай тудырады. Өзге адамдармен скайп, ұялы телефон, электронды почта және мәтіндік хабарламалар арқылы ғана тілдесіп келеді.

Оның өміріне қауіп төндірмейтін қарым-қатынастағы адамдар – тек ағасы мен әпкесі екен. Олар Джоаннаны күтіп-баптап жүр. Әйелдің бөлмесіне кірер алдында олар душ қабылдап, толықтай таза киініп, кірер алдында “тыйым салынған” өнімдерді қабылдамауға тырысады. Осындай тыйымдарды қанша сақтағанның өзінде әйелдің жағдайы бәрібір төмендеп қалады екен.

Әзірге Джоанна қабылдаған ешбір ем ауру дауасын таба алатын емес. Тіпті төрт мәрте химиятерапия да қабылдаған. Әзірге әйелдің отбасы бұл тығырықтан шығатын жолды таба алмай жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас іштегі сәби үшін пайдалы

 

Қазақстандық дәрігер смартфон мен гаджеттің жүктілікке кері әсер тигізетінін айтты

Ақпаратты есте сақтаудың тиімді тәсілі анықталды

Ғалымдар сәбилердің 5 айлығында ана тілін мәңгілік жадында сақтай алатынын анықтады

Талқылау