Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел ер адамның бүйрегін алу үшін тұрмысқа шығып, кейін оған ғашық болып қалған

Фото: Scmp.com

Қытайдың Шэньси провинциясында өлім аузындағы әйел мен қатерлі ісікке шалдыққан ер адам келісім үшін үйленіп, кейін шын ғашық болған. Бастапқыда бұл неке бүйрек алу үшін ғана жоспарланған еді, бірақ ол нағыз махаббат хикаясына айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Scmp.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қытайдың Шэньси провинциясында тұратын 24 жастағы Ван Сяоға "уремия" диагнозы қойылған. Дәрігерлер оған бүйрек трансплантациясынсыз небәрі бір жыл өмір сүруге болатынын айтқан. Сол кезде ол миеломамен (сүйек кемігінің қатерлі ісігі) ауырған 27 жастағы Юй Цзяньпинге тұрмысқа шықты. Бұл неке бастапқыда келісім бойынша болған. Бастапқыда әйел ер адамның өмірінің соңына дейін оған қамқорлық көрсетіп, кейін оның бүйрегін алуы керек болған. Бірақ уақыт өте келе олардың арасындағы сезім шынайы махаббатқа ұласты. 

2014 жылы олар шағын ғана үйлену тойын өткізген. Көп ұзамай екеуі күн сайын сөйлесіп, өздерінің денсаулығы мен көңіл күйлері жайлы бөлісіп отырған. Ванның шат мінезі Юйді жиі күлдіріп, оған өмірге деген құштарлық сыйлаған. Ол әйелі үшін сорпа пісіріп, ал Ван әр ем-домына бірге барып жүрген.

Күйеуінің сүйек кемігін ауыстыру отасын төлеу үшін Ван көшеде гүл сата бастаған. Әр букетке олардың өмірі туралы шағын хаттар қоса жазып қойған. Осылайша ол 500 000 юань (шамамен 70 000 доллар) жинап, күйеуінің отасына жеткілікті қаржы тапқан.

Жазға қарай Юйдің денсаулығы жақсарып, тіпті Ванның өзі де айтарлықтай оңала бастаған. Дәрігерлер оған диализ сирек қажет екенін және бүйрек трансплантациясы енді керек болмауы мүмкін екенін хабарлаған.

2015 жылдың ақпанында, некелескендеріне бір жыл өткен соң, олар жергілікті мейрамханада той жасап, ресми түрде мерекелейді. Ал 2024 жылы Қытайда олардың хикаясына арналған "Viva La Vida" атты фильм жарық көріп, прокатта 276 миллион юань (шамамен 38 миллион доллар) жинаған.

Бүгінде ерлі-зайыптылар Шэньси провинциясының Сиань қаласында тұрып, гүл дүкенін басқарады. Екеуінің де денсаулығы қалыпты, өмірлері тыныш әрі үйлесімді өтіп жатыр.


Әйел 76 жасында алғаш рет тұрмысқа шығып, жолдасын танысу сайтынан тапқан


93 жастағы ер адам өзінен 56 жас кіші әйелінен тағы балалы болғысы келеді


Еске салайық, бұған дейін алматылық Ләззат есімді әйел 50 жасында тұрмысқа шығып, көпшілікті шабыттандырды. Ол болашақ жұбайымен Алматы әуежайында танысып, біраз уақыттан кейін некелескен. Неке қию кезінде мәһрге көлік сұраған. Ләззат әйелдерге кез келген жаста махаббат пен жаңа өмір бастауға болатынын айтады.

Айым Атамбаева
Сенбі, 01 Қараша, 2025 19:05
Талқылау