Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел екі апта бойы өлі сүйіктісімен бірге өмір сүрген

Әйел екі апта бойы өлі сүйіктісімен бірге өмір сүргенФото: chaiyawat chaidet / Shutterstock / Fotodom

Жаңа Зеландияда мәйітті қорлады деген айып тағылған 49 жастағы әйелге қатысты сот ісі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NZ Herald-қа сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылдғы қаңтарда полиция Нельсон қаласының маңындағы үйге шақырту бойынша барған. Әңгіме барысында үй иесі кенеттен он жыл бірге тұрған серіктесінің бірнеше апта бұрын қайтыс болғанын айтқан. Кейін оның мәйіті екінші қабаттағы террасада жатқанын жеткізген.

Полиция қызметкерлері жоғары көтерілген кезде бірнеше қабат пердемен жабылған, іру белгілері бар мәйітті тапқан. Марқұмның жеке заттары айналасына қойылыпты.

Әйел не себепті сүйіктісі қайтыс болған соң жедел-жәрдем немесе полиция шақырмағанын түсіндіре алмаған. Ол ұсталып, жауап алынғаннан кейін медициналық тексеруге жіберілген.

Тергеу мен психиатриялық сараптамадан соң сот әйелдің атипиялық психозбен ауыратынын және жазадан гөрі мәжбүрлі ем қабылдауы қажет екенін анықтаған. Оқиға кезінде ол есі дұрыс емес деп танылды.

Үкім шығару барысында судья Гарри Баркл айыпталушының әрекеттерінде қасақана ниет немесе мәйітті қорлау белгілері болмағанын атап өтті. Қазіргі таңда әйел өз еркімен ем қабылдап жатыр, ал мамандардың айтуынша, оның жағдайында айтарлықтай оң өзгерістер байқалады.

Айта кетейік, бұған дейін 20 жастағы бойжеткен қайтыс болған сүйіктісіне тұрмысқа шыққаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Жексенбі, 04 Қаңтар, 2026 23:38