Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйел бір саты төмен тұруы керек": Гүлзира Айдарбекованың отбасын сақтауға қатысты жазбасы қызу талқыға түсті

Гүлзира продюсер Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасындағы ер мен әйелдің қарым-қатынасына қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жолдасы Нұртас Айдарбековпен рилс түсіріп, оқырмандарына ұсынды.

“Біздің қысқаметражды видеомыз. Соңымыздан ертіп келе жатқан жас отбасыларға үлгі болсын деген ниетпен түсірдік. Нұрекеңнің “Өкінген емеспін” әніне байланысты үзіндімізді тамашалап, баға беріп кетіңіз. Тойға шығып бара жатқан жерімізден келген идея еді. 2 минутта түсіріп үлгердік. Негізі өмірде де солаймын. Көп ашуланып жүре алмаймын. Қанша сөйлемеуге тырыссам да, бес күн өмірде ит пен мысық сияқты күн кешпей-ақ қояйын деймін. Қалай ашулы болсаңыз да, кешірімді болсаңыз, бәрі жақсы болады. Ашу соңы мәңгілік өкініш болуы мүмкін. Әйел ер азаматынан бір саты төмен тұруы керек. “Үйлену оңай, үй болу қиын” деген мақал бекер емес. Айналаға көз тастап қараңызшы, қаншама болмашы дүние үшін, менмендік, көкірек болғандары үшін отбасылар ажырасып жатыр. Ыстық ұясындағы бақытты сәттерден балалар ажырап қалады. Мейірімге тоймаған балалардың өмірі жүректі шаншытады. Аштық пен соғыстан көз ашпаған елдерге қарап, тәубама келемін”, – деп жазды продюсер.



Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдаса енді бірі әйел мен еркек тең дегенді алға тартты. 

“Ой саларлық видео болыпты”, “Кешірімді болу жақсы, бірақ кешірім сұрамайтын еркектер де бар”, “Ер мен әйел тең болса не болыпты?!”, “Кешіргіш болсаң, келініңнен кешірім сұра”, “Баяғы ескі сарынды бір сюжет екен”, “Нұртас ағамыз әпкемізді шын сүйеді екен”, – деп жазды көпшілік.

STAN.KZ
Жұма, 05 Қыркүйек, 2025 09:53
Талқылау