Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел баласын ұрлап кеткендерді мотоциклмен қуып, оны құтқарып қалды

Таиландтың Бурирам провинциясында тұратын 38 жастағы Сутия ұлын ұрламақ болған қаскөйлердің соңынан мотоциклмен қуып, оны құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Thaiger порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Thethaiger.com

Сутияның 19 жастағы ұлы – аутизм спектрі бұзылысы бар, бірақ ол өз бетінше өмір сүріп, мобильді телефондар мен басқа да электрониканы жөндеуді жақсы меңгерген. Бір күні оған айына 20 мың бат (шамамен 50 мың теңге) жалақы төлейтін жұмыс ұсынылғаны туралы хабар келеді. Анасы бірден күдіктеніп, ұлын бұл ұсыныстан бас тартуға көндіреді.

Алайда бірнеше күн өткен соң ұлы анасына Сакэу провинциясына жұмысқа кететінін хабарлап, кенеттен байланыс үзіледі. Сутия үйіне жүгіріп келіп, ұлының қара түсті көлікке отырып жатқанын көреді. Ол бірден мотоцикліне мініп, ұрлықшылардың соңынан қуады.

Көлік аялдаған кезде Сутия өзін ұлдың анасы екенін айтып, қаскөйлерден түсініктеме талап етеді. Ол жолға шығар алдында полицияға хабар берген еді. Сол сәтте полицейлер Сутияға қайта қоңырау шалып, жағдайды нақтылауға тырысады. Бұны естіген ұрлықшылар жігітті босатып, қашып кетеді.

Кейін анасы баласының телефонынан қаскөйлермен хат-хабар алмасуын тапты. Белгісіз әйел әйелдің баласын өз компаниясында әкімшілік қызмет атқаратынына сендірген. Бірақ Сутияның ойынша, баласын телефон арқылы алаяқтыққа итермелеу немесе заңсыз қаржы операцияларына қатыстыру жоспарланған.



 

Еске салайық, бұған дейін пышақ ұстаған ер адамның Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы хабарлаған едік. Желіде оқиға орнынан видео пайда болған. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады. Кейіннен қызметкерге пышақпан шабуылдаған күдіктінің кім екені анықталған. Тоқаев Алматы әуежайында күдіктіні ұстаған адамды мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырған.

Талқылау