Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел 5 рет түсік тастаған құрбысына егіз балаларын туып берді (фото)

АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны Кателин Бьюкенен сәбилі болуы  армандап, 3 жыл бойғы талпыныстары сәтсіз болыпты. Ол осы аралықта 5 рет түсік тастаған. Өз кезегінде оған жақын құрбысы Эрика көмектесіп, суррогат ана болуға шешім қабылдапты.

Әйел 5 рет түсік тастаған құрбысына егіз балаларды туып берді (фото)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кателин мен күйеуі 3 жыл бойы сәби сүюді армандап, түрлі тәсілдерді қолданып көрген. Тіпті жасанды ұрықтандыру процедурасын да жасатқан. Алайда барлығы сәтсіз болыпты. Кателин 5-інші рет түсік тастағаннан кейін, дәрігер оған ешқашан сәбилы бола алмайтынын айтып, суррогат ананың қызметіне жүгінуді ұсынады.

Бұл орайда Кателинге жақын құрбысы 34 жастағы Эрика Хьюстон-Элем көмек қолын созыпты.  Олар бала күннен айырылмас құрбы болған екен. Тіпті Кателинаның анасы Эриканың кіндік шешесі атанған.

Әйел 5 рет түсік тастаған құрбысына егіз балаларды туып берді (фото)

Эриканың сөзінше, ол жақын құрбысының басына түскен қиындыққа жайбарақат қарап отыра алмапты.

«Мен оған шын көмектесе алатын дүниені жасай алатынымды түсінгенімде, ол үшін суррогат ана болуға дайын екенімді айттым», – дейді Эрика Хьюстон-Элем.

Алайда Кателин құрбысының бұл ұсынысын бірден қабылдай қоймаған. Өз кезегінде Эрика оны көндіруге тырысыпты.

Ақырында құрбысы келіскенімен, алғашқы талпыныстары сәтсіз болып, Эрика түсік тастайды. Алайда олар өз шешімдерінен бас тартпай, 2017 жылы шілде айында Эрика жүкті болады. Ол 35 аптадан кейін құрбысының егіз балаларын дүниеге әкелді.

Әйел 5 рет түсік тастаған құрбысына егіз балаларды туып берді (фото)

«Егіздер туылғанда, оларды Кателин мен күйеуіне  берді. Бұл менің өмірімдегі ең тамаша сәттердің бірі болды. Өз міндетімді атқарғаныма қуандым», – дейді Эрика Хьюстон-Элем.

Ал мамыр айында Кателина егіз балаларын үйіне алып кеткен.

«Кателин – тамаша ана. Ол мұндай бақытты ұзақ күтті. Оның бақытты екенін көру – менің өмірімдегі үлкен қуаныш», – дейді Эрика Хьюстон-Элем.

Оқи отырыңыз:

Қолына балаларының есімін жаздыртқан ана шебердің қателігіне бола ұлының есімін өзгерткен

Қайыршылықпен айналысқан әйел банк есепшотында 1 млн доллар ақша жинаған

Әйгілі Гарри ханзада мен актриса Меган Маркл үйленді (фото)

Байлық шақырады деген ырыммен ауыл тұрғындары 5 жасар қыздың басын кесіп амулет жасаған

Талқылау