"Айды аспанға бір шығарды": Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің IELTS-тан қанша алғанын көрсетті
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің ағылшын тілін қай деңгейде меңгергенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жеке парақшасында қызы Мерейдің ұстазының жазбасын бөлісті.
“Ұстаздан шәкір озар демекші, IELTS-тан 8.5 балл алып, айды аспаннан бір шығарды. Батыл қыз! Мақтанамын. Бұл кішкентай қыз Заманбек ағамыз бен Мақпал апайымыздың еркесі – Мерей. Кореядағы оқуын аяқтап, әріқарай білім шыңын бағындырмақ”, – деп жазды Құдайберген Салтанат есімді мұғалім.
Айта кетейік, 17 жастағы қазақстандық Сая Қыдырәлі халықаралық ағылшын тілінен емтиханда ең жоғары 9 балл жинап, әлемдік рекорд орнатқан еді.
Бұған дейін, қазақстандық талапкерлер Ұлттық бірыңғай тесттен қажет балл жинай алмаған жағдайда ректорлық гранттың барын естен шығармағаны дұрыс. Ректорлық грант – университет ректоры оқу және ғылыми жетістіктер үшін табыстайтын тегін оқуға мүмкіндік екенін жазған едік.
Фото: Жеке парақшадан алынды
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды