Айдарбекова: Дауысым жоқ болса да сахнада талай ән айттым, Жұлдызда үйреніп кетеді
Қайрат Нұртастың жұбайы уақыт өткен сайын әмбебап өнерпаз екенін дәлелдеуде. Алғашқыда «Арман» кинокартинасы арқылы актриса ретінде танылып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген болатын.
Сондай-ақ, жуырда жолдасының концертінде жүргізушілік қырын көрсетіп, күні кеше ән салатынын да дүйім жұртқа жария етті.
Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Гүлзира Айдарбекова, келінінің әлі талай биікті бағындыратынына сенімі мол. Ал, Әбдікәрімованың әншілік өнері жайлы жағымсыз пікір жазғандарға жұлдызды ененің жауабы дайын.
«Дауысы жоқ менде айтып жүрмін ғой Нұртаспен бірге. Үлкен сахналарда. Өткенде «Ғашықтар әлемі» деген концертке шақырды. Қоймай, жаңағы ұсыныс тастағаннан кейін, жарайды деп келісіп, айтып шықтық. Халыққа ұнады. Енді Жұлдыз жас, қабілеті бар оның үстіне», – дейді Қайраттың анасы.
Гүлзира ханымның бұлай деуі де орынды. Қайрат алғаш сахнаға шыққан сәтте, Айдарбековада дәл осындай күй кешкенін айтады. Иә, аянбай тер төгіп, 10 жылдан астам уақыт еңбектенді. Нәтижесінде кешегі қарапайым әйел бүгінде табысты әрі тәжірибелі продюсер атанып үлгерді.
«Менің өзім мұрыныма иісі бармаса да, қаншама рет сахнаға шығып сөйледім, Қайраттың концертінде 18 жастан бастап шыққан кезде, арасында әнші болмайды. Киіну керек болады. Сол кезде сахнаға шығып, сөйлеп. Қайраттың ән-жинақтарын таратып, үйреніп кеттім ғой. Сол сияқты оларда жас қой. Тез қабылдайды ғой. Сондықтан, оған сенемін», – дейді Гүлзира.
Қайратты танымал етті, Жұлдыздың жұлдызын жарқыратты. Бұл Гүлзира Айдарбекованың осыдан 10 жыл бұрын болашаққа қойған ішкі жоспары еді. Енді пысық продюсер немерелерін дүйім жұртқа жақынырақ таныстырмақ ниетті. Тіпті, Қайрат пен Жұлдыздың перзенттеріне арнайы тың жобаны ойластырып жатқан көрінеді. Ал, бүлдіршіндерді халықпен қауыштыру рәсімі қыр астында көрінеді.
«Алла қаласа, үлкен бір жоба ойластырып жатырмын. Сол кезде көретін боласыздар. Әзірге құпия ұстауды жөн көріп отырмыз. Немерелерімді нақты таныстыру уақыты жаңа жылдың алдында, үлгермей жатсақ жаңа жылдан кейін толығырақ таныстыратын боламыз», – дейді продюсер.
Естеріңізге сала кетсек, Қайрат пен Жұлдыздың екі ұлы мен қос қызы бар. 2007-ші жылы шаңырақ көтерген жұлдызды жұп бүгінде Алау, Сезім, Нарұл және Хан есімді перзенттерді тәрбиелеп отыр.
Оқи отырыңыз:
Алтынай Жорабаева: Сәбит 1 жылдан бері қыздарын іздеп келген емес
Мемлекеттік марапатқа ие болған Сиви Махмуди жұрттың сынына ұшырады
Түркия халқы Мейрамбек Бесбаевты шашу шашып қарсы алды (фото, видео)
Баян Мақсатқызы: Менен көмек сұраған әр әйелді тұрмыстық зорлықтан қорғайтын боламын