Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова Рианнадан ән ұрлады деп айыпталды (видео)

Ән әлемінде тағы да дау. Бұл жолы Айдана Меденова “плагиат” жасағаны үшін айыпталды. Тыңдармандар оның жуырда ғана жарыққа шыққан “Су” атты әні мен американдық әнші Рианнаның туындысын ұқсатты.

рианна айдана-070217

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Меденова өз әні жарыққа шыққанға дейін Рианнаның орындауындағы әнді естімегенін мәлім етті. Айтуынша, оған туындыны композитор Бауыржан Бимахан жазып берген.

“Бұл композиторден алынған ән. Ал Рианнаның әнін тіпті білмеппін. Жазып болғаннан кейін ғана сол ұқсастықты мен де байқадым. Кәсіби музыканттар оны біледі. Нота жағынан ешқандай ұқсастық жоқ. Тек сол естігенде ұқсайтын сияқты. Бұл сондай заманға сай ән. Тек Рианна ғана қолданбайтын, барлық шетел әншілері де, Қазақстанның әншілері де көп қолданатын музыкалық тәсіл. Неге мен оны шығармауым керек? Мен ол әнді естімедім, әдейілеп сол жерден алған жоқпын. Сол үшін мен бейнебаян түсірдім”, – деп түсіндірді Айдана.

Бұл ретте тілшілер кәсіби музыканттардан ақыл сұрауды жөн көрген. Солардың бірі Медеу Арынбаев екі әннен расымен де ұқсастық байқағанын айтты.

“Иә, бас жағы ұқсап тұр. Әрине, кейде болады. Ұрлады деген сөзді мен қолдануға мәжбүр болып тұрмын. Тыңдап тұрып «мына жері әдемі екен, осы жерінің басын алып, аяқ жағын өзгертіп» деген ұрлау да болады.

Ақырғы кезде қазақ эстрадасында үйреншікті жағдай болып қалған сияқты. Бірақ көптеген эстрадада жүрген бауыр, қарындастарымыз көршілес елдердің әндерінің құқығын сатып алып, қазақ тіліне аударып, әп-әдемі хитқа айналып, той-томалақтарда әдемі шырқалып жүр. Құқығын сатып алса жарайды, ал ұсталып қалса айыппұл салуы мүмкін”, – деп мәлімдеді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Димашпен кездесу барысында Джеки Чан қазақ тілінде сөйлеген (фото)

Баян Есентаева селфиге түсу үшін жанкүйерлерімен кездеспек (фото)

Қайрат Нұртас Димаштың әлі де өз әні мен стилін таппағанын айтты

Димаш келесі кезеңде “Күзгі мұң” атты әнді қытай тілінде орындайды

Талқылау