Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова күйеуінің бірінші некеден туған балалары жайлы айтты

Продюсер Әлішер Нұржанов бақытын екінші некесінен тапқандардың қатарында. Бүгінде Әлішер Нұржанов пен Айдана Меденованың екі перзенті бар. Өнер әлемінде қол ұстасып келе жатқан жұлдызды жұп ұл-қыздарының қызықтарымен желіде жиі бөлісіп тұрады. Алайда Әлішер Нұржановтың алғашқы некесінен туған балалары жайында ел білмейді, деп жазады Stan.kz.

Айдана Меденова «Еуразия» арнасының «Қалаулым» бағдарламасына қатысып, не себепті ажырасқан азаматқа тұрмысқа шыққанын түсіндірді.

«Өкінішке қарай, 15 жасымда анамнан айырылып қалдым. Сол кезден бастап өмірімде өзім шешім қабылдай бастадым, туыстарым барлығы маған сенеді, ешқандай сын айтқан жоқ. Ең бастысы, бәрі жақсы болып кетті. Бұл – Әлішердің екінші отбасы, сондықтан ол да жайдан жай үйленуге келе салған жоқ. Барлығын ойланып шешті», – дейді Айдана.

Бұдан кейін, Меденова алғаш рет күйеуінің бірінші некеден туған балаларымен ара-қатынасы жайында баяндады.

«Әлішердің бірінші отбасынан екі баласы бар. Әрине, араласып тұрамыз. Жұмасына 1-2 рет үйге келіп тұрады. Кішкентай ғой, сабақта, содан кейін демалыста ғана келіп тұрады, арасында біз де барып тұрамыз», – деді Меденова ағынан жарылып.

Бір қызығы, сырт көзге аса байқалмағанымен, Әлішер мен Айдананың жас айырмашылығы – 7 жыл. Бір үйдің еркесі болған сылқым жарымның өзімнен үлкен болғаны қайта жақсы деген пікірде.

«Кішкентай кезімнен отбасымның еркесі болдым. Сондықтан мен жігітімнің өзімнен үлкен болғанын қаладым. Біріншіден, маған қамқор, сыйлап, еркелетіп тұрады. Қыз үшін ол жақсы. Арамыз 7 жыл болғаннан кейін бірінші кезде сын айтқандар көп болды. Бірақ махаббат жасқа қарамайды, жүрекке әмір жүрмейді ғой», – дейді Айдана.

Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева: Қыздарым атыма кір келтірмеуі керек

Айгүл Иманбаева ұлының әкесінен асқан режиссер болатынын айтып мақтанды

Сырға таққан Әлішер Кәрімов өзін сынағандарға жауап берді

Нұртас Адамбай “Сәбина келін” туралы кітап жазбақ

Талқылау