Айдана Меденова екінші бейнебаянын жарыққа шығармақ
Айдана Меденова екінші бейнеклипінің қамына кірісті.
«Кеш you» тобының экс-солисі, адал жар, аяулы ана Айдана Меденова отбасылық өміріне кесірін тигізбестен, шығармашылығын шыңдап келеді. Бұл туралы әншінің күйеуі, танымал продюсер Әлішер Нұржанов «Ревю» бағдарламасында айтты.
Нұржановтың келіншегі Есентаевадан бөлек кеткеннен кейін «Менімен биле» бейнебаянын жарыққа шығарған еді. «Су» деп аталатын туынды Меденованың екінші бейнеклипі болмақ. Айтпақшы, әннің өзін әзірге еш жерден таба алмайсыз. Әнші осылайша кезекті бейнебаянын асықтыра күттіргісі келді ме әлде халықты қызықтырайын деді ме, әнді клиппен бірге таныстыруды жөн көріпті.
Әннің мазмұны шынайы суды емес, махаббат тақырыбын сөз етеді. Меденова “маған судай қажетсің” деген ойды жеткізбек.
Жеңіл, романтикалық әрі жастарға арналған бейнебаянның кереметтей айтар ойы жоқ. Тек көтеріңкі көңіл-күй, эмоция сыйлауды мақсат тұтқан Меденова бұл жолы да жердің шаңын шығарып билемек.
Жіберіп алмаңыз:
Айдана Меденова дертіне дауа іздеп жүр
Айдана Меденованың жаңа шаш үлгісі жігіттерге ұнап қалды (фото, видео)
Айдана Меденова күйеуінің бірінші некесі туралы айтып берді
Тыңдармандар Айдана Меденованың жаңа бейнебаянына оң бағасын берді