Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айару Бақытбек “бес тонна бояу жағады” деп сөгетіндерге жауап берді

13 жасар Айару Бақытбек “бес тонна бояу жағады” деп сөгетіндерге жауап берді. Баян Есентаеваның кіші қызы бала күнінен өзіне күтім жасайтынын, оны анасынан үйренгенін мәлімдеді. Ол бұл жаста боянған ерте деп сынайтындарға өз кеңесін берді.

20347453_288017101605921_2530463850264788992_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Маған «бет-жүзінен ұялғандықтан камераға теріс қарап түседі» деп көп айтады. Жоқ, олай емес. Өзіме ұнағандықтан осылай суретке түсемін. Бұл нәрсенің менің өзіме беретін бағама қатысты емес. Екіншіден, көпшілік тісімде брекет болғандықтан күлмейтінімді, ұялатынымды айтады. Менің pocker face-імнің немен байланысты екенін білмеймін, камераны көрсем болды түрім сондай бола қалады. Ал шын мәнінде мен ақжарқын адаммын. Үшіншісі, менің қанық түстерге боялған ернім. Ата-анам мені қадағаламай жүргендіктен ерін боямаймын, олар мені қолдайды. Ал маған бұл ұнайды. Ал «тонна» бояуға келсек, мен бетке опа жағамын, одан бөлек, қас пен кірпіктен өзге ештеңені боямаймын. Анам бала кезімнен күтім жасауды, әркез жинақы жүруді үйреткен.

Күн сайын әртүрлі жақпа майлар, тониктер жағамын, апта сайын маникюр, педикюр жасатамын. Ал ерте ме, жоқ па, ол менің шаруам. Аты аталған нәрселерге келгенде жасқа шектеу жоқ. Ал бұл жаста бояну ерте десеңіздер, оны өз балаларыңызға айтыңыздар», – деп жазды Айару Бақытбек.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет өзіне ренжіп жүрген продюсеріне жауап берді

Димаш MTV марапатын Айман Мұсаходжаеваға сыйлады

Танымал журналист Дана Нұржігіт тұрмысқа шықты (фото)

Голливуд жұлдызы Николас Кейдж қазақ киносына түсуге дайын екенін айтты

Талқылау