Аяқ-қолы жоқ қарағандылық 10 жыл бойы аялдамада қайыр сұрауға мәжбүр болған
Фото: ЖИ
Қарағандыда қол-аяғы жоқ ер адам 10 жылдан астам уақыт еңбек құлдығында болған. Ер адамды ұрып-соғып, қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Тіпті кішкентай қызымен бопсалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өткен жылдың мамыр айында ішкі істер министрлігі Қарағандыда мүгедектігі бар ер адамға күштеп қайыр сұрауға мәжбүрлеген қылмыстық топ анықтаған еді. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыскерлер өз құрбандары арқылы жылына 10 миллион теңгеге дейін табыс тауып отырған.
41 жастағы ер адам еңбек құлдығына азаматтық некедегі жұбайымен бірге болған. Әйелі "қожайынның" айтуымен күйеуін қала орталығындағы аялдамаға апарады. Ал ерадам күні бойы сол жерде отырып, өткен-кеткен адамдардан қайыр сұраған. Мүгедектігі бар ер адам осылайша күніне 20-40 мың теңгеге дейін табыс әкелген.
“Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қылмыскерлер жәбірленушіні қорқытып, ұрып-соғып күн сайын таңғы 08:00-ден кешкі 18:00-ге дейін қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Ер адам жаңбыр, аптап ыстыққа қарамастан ол жыл бойы Қарағандыдағы "45-ші квартал" аялдамасында жерде отырып адамдардан қайыр сұраған. Ал жиналған ақшаны "қожайын" өз қалуынша жұмсаған”, – делінген құжатта.
Тергеу мәліметтеріш, қаскөйлер мүгедектігі бар ер адамды ұрып-соғып қана қоймай, ішімдікке үйреткен. 2020 жылдан бастап оның азаматтық некедегі әйелінен туған сәбиді де бопсалауға пайдаланған. Қылмыстық әрекетті ұйымдастырушы жаңа туған сәбиді тартып алып, өз туған қарындасына тәрбиелеуге берген. Бүлдіршін сол үйде 4 жасқа дейін өскен.
“2020 жылдың қарашасында жәбірленушілердің қызы дүниеге келген. “Қожайыны” бұл баланы да өз қарындасына беген. Қылмыстық істен хабары жоқ әйел сәбиді өз қамқорлығына алған. Жәбірленушілер тек "қожайынның" рұқсатымен ғана баласын белгілі бір уақытта көре алатын болған. Егер олардың талапты орындаудан бас тартса, оларды ата-ана құқығынан айыратынын айтып қорқытқан”, – делінген іс материалдарында.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың желтоқсан айында күдікті есірткіге қатысты іс бойынша ұсталған. Сол кезде оның мүгедек ер адамды қайыр сұрауға қалай мәжбүрлегені туралы деректер әшкере болды.
Аталған іс бойынша бірнеше адам күдікке ілінді. Сотталушылар кінәларын мойындамады. Үшеуі жәбірленушілерді құлдықта ұстауға қатыспағандарын, тек қылмыстық істің басты қатысушысының кейбір ұсақ тапсырмаларын орындағандарын алға тартты. Айтуынша, ол өздерінің қылмыс жасап жатқандарын білмеген.
Жәбірленушілер сот отырыстарына қатыспайды. Өйткені денсаулығына байланысты сотқа келе алмайды. Қазір олар қоғамдық қордың қамқорлығында. Бұл ұйым оларға жеке куәлік алып беруге көмектесіп, заңгерлік, психологиялық және медициналық көмек көрсеткен. Сондай-ақ гуманитарлық жәрдем берді. Сот процесі жалғасып жатыр

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
