Аяқ киімді тазалаудың оңай әдісі
Кей адамдардың таза болатыны соншалық, аяқ киімін су кешіп жүрсе де былғамауға тырысады. Егер сіз ондай адамдардың қатарынан болмасаңыз, біз сізге аяқ киімді (шүберектен жасалған) қалай тазалау керектігіне кеңес береміз.
Сізге ең алдымен 1⁄2 стакан сірке суы, ¼ стакан ас содасы, пластикалық немесе шыны миска, тіс щеткасы керек
Ең әуелі тазартатын қоспаны дайындап аласыз. Мискаға сода мен сірке суын қосасыз. Бұл қоспа қауіпсіз ғана емес, ол бактерияларға қарсы әрекет етеді.
Щетканы қоспамен алып аяқ киімнің ластанған жерін сүртіңіз. Егер щетка ыңғайсыз болса, шүберек қолдансаңыз да болады.
Аяқ киіміңізді жарты сағатқа қалдырып, соңынан сумен жуып тастаңыз. Шайған соң кептіріп қойыңыз.
Жіберіп алмаңыз:
Суға түсіп кеткен қалта телефонын қалыпқа келтіру әдісі табылды
Талқылау