Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғынан айырылған 12 жасар қыздың биі жұртты тамсандырды (фото)

Аяғынан айырылған 12 жасар қыз арманымен қош айтыспақ емес. Ол өзі қалағандай балет бишісіне айналды. Ал аяғынан жол апатының нәтижесінде айырылған екен.

407F142D00000578-4522228-image-m-36_1495204998243

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Қытайлық Цзян Чжан Цзыи жол апаты салдарынан 6 жасында аяғынан айырылған. Тағдырдың сынына мойымаған ол анасына балет бишісі болғысы келетінін айтқан. 2013 жылы таланттылар бақ сынасқан ұлттық бағдарламада жеңіске жетті. Осылайша 12 жасар қыз жұрттың жүрегіне үміт сыйлаған-ды. Көп адам оны көріп өмірге деген құштарлықтарының артқанын айтты.

4088F14900000578-4522228-Zhang_Shuixiang_held_her_daughter_before_going_on_stage_to_perfo-m-49_1495210291300

407F147900000578-4522228-image-a-22_1495204799425

Анасы ауыр жол апатынан кейін қызының өмірі үшін қатты алаңдаған. Әйел күні-түні айқайлап жыласа да, Цзян еш мойымаған. Керісінше «Анашым, сіз жыласаңыз да, күлсеңіз де, бұл күн бәрібір өте береді. Неге бұл жағдайдың жақсы тұстарын іздеп көрмейміз? Мен балет биін үйренгім келеді. Сіз менің аяғыма айналыңызшы» деп жұбатқан екен.

4088F10A00000578-4522228-Jiang_then_aged_eight_performed_with_her_mother_on_a_talent_show-m-2_1495208775396

4088F0EB00000578-4522228-An_angel_with_a_broken_wing_Jiang_s_performance_sent_a_message_t-m-3_1495208789754

4088F13E00000578-4522228-Jiang_s_dream_of_becoming_a_ballet_dancer_has_never_changed_desp-m-50_1495210320211

Жуырда Цзян танымал байқауда би билеп, жеңіске жетті. Оның талантын мойындаған көрермендердің бірі тағы да бір байқауға шақырған екен. Дәл қазір бүлдіршін №10 мектептің бастауыш сыныбында оқып жатыр. «Бастапқы бір жылда бейтаныс адамдар бізге ақша жіберіп, қолдау көрсетпек болды. Алайда біз олардың көмегінен бас тарттық», – дейді бүлдіршіннің анасы.


Жіберіп алмаңыз:

Қыз түнімен қыдырып үйіне қонбаған жігітінің бетіне макияж жасап тастап жазалады (видео)

5 жасар балақай мульфильмің арқасында анасын ажалдан аман алып қалды

Сіңлісі 9 рет түсік тастаған әпкесіне егіз сәби туып берді

Бір жынысты секспен айналысқан екі тұрғынға 85 дүре соғылды

Талқылау