Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғы ауыр Қарақат әлемдегі ең биік ғимараттың 150-қабатына шығып алды

Дубайда демалып жатқан Қарақат Әбілдина кезекті демалысының қызықты сәттерімен бөлісуде. Ол Арабиядағы әлемдегі ең биік ғимараттың 150-қабатына шығып, елге сәлем жолдады.

Screenshot_17

Әнші биіктігі 828 метр болатын әлемдегі ең биік Бурдж-Халифа ғимаратына шығып алған.

“Адам кез-келген мәселеге жоғарыдан қарай алған кезде ғана көп нәрсеге көзі жетіп дұрыс пайымдай алады. 150-қабат. Ой…” – деп жазады әншінің өзі.

Әнші бесінші перзентін күтіп жүргендіктен тыңдармандары ол үшін алаңдап қалды. Көпшілік Қарақатқа жүктілік кезінде тым биікке көтерілмей, абай болуға кеңес берді.

Бурдж-Халифа,_Дубай (1)

Бурдж-Халифа ғимараты

“Қарақат сені жүрек жұтқан деуге болады. Аяғың ауыр, шетелге шығу қорқынышты, амандық тілеймін”, “Бас айналады ғой”, “Әлемдегі ең биік ғимарат”, “Керемет көрініс”, “Батылсыз ғой, мен биіктен қорқамын. Аяғым ауыр болса тіптен қорқатын едім”, “Қалай басың айналмай, қорықпай отырсың?” “Фотоға қарап мен қорқып отырмын”, “150 қабат деген қолың аспанға жеткенмен бірдей шығар”- дейді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Жігер Ауыпбаев “Меломен” тобынан кететін болды

Маржан Арапбаеваның қолдан пісірген наны көпшілікті сүйсінтті

Желідегілер суретте омырауы көрініп қалған Айсәуле Бақытбекті сынады (фото)

Бала Димаш қандай болды: Димаш өмірге келерде әжесіне аян берілген (фото)

Талқылау