Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяғына жығылмаймын": Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелімен қарым-қатынасына нүкте қойды

Бұрынғы әйелімен ажырасып, жеке өмірі ел талқысына түскен актер Нұрсұлтан Жақсыген отбасындағы соңғы жаңалықты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhaksygen_n/

Өнер иесі Астанада екі баласын алып, көшіп кеткен экс жұбайын іздеп барғанын айтты. 

“Менің тарапымнан қадам жасалды. Ер-азаматтық міндетімді орындадым деп айта аламын. Алдына барып, кешірім сұрап, ағаттық жасағанымды мойындадым. Отбасымды сақтау үшін қаншама рет тырысып, қолымнан келгенін жасадым. Фариза өзі таңдау жасады. Қосылғысы келмеді. Барынша айырылғым келмеді. Бірақ шешім қабылдау әркімнің өз еркінде. Оны қинап ұстап тұра алмаймын. Сіздерге айтарым, көп мүмкіндік болса, бірін жіберіп алмаңыздар! Мен қазір барып, аяғына жығылмаймын. Қосылмаса, қосылмай-ақ қойсын. Мен де әрі қарай өмірімді сүремін”, – деді актер. 



Айта кетейік, актердің бұрынғы жары Фариза да халыққа үндеу жасаған еді. 

“Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім, Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегіні жіберу үшін. Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз. Әркім өз жолымен кетті! Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне!", — деп жазды Фариза. 

Талқылау