"Аяғына жығылып тұрып, кешірім сұрадым": Айгүл Иманбаева марқұм әкесін есіне алды
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айгүл Иманбаева марқұм әкесін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Подкастан скриншот
Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында марқұм әкесінің қандай адам болғанын айтты.
“Менің 4 жасымда ата-анам ажырасқан. Содан біз нағашылардың қолында өстік. Анамның руы – Дулат еді, мен де сол руданмын деп айтып жүрдім. Бір күні анам, “Сендер Арғынның ішіндегі русыңдар, елдерің бөлек” деді. Негізі, әкем Орал өңірі, Казталовка деген жердің тумасы. Кейін сұрасам, руға жатпайтын Төлеңгіт деген елдің ұрпағы екен. Әрине, 40 жыл бойы әкеңді білмей өсу оңай емес. 40 жыл тегімді де білмедім. Кейін әкемді танып біліп, араласқым келді. Араласуымыз да ұзаққа бармады. Екі жылдан кейін қайтадан байланыс үзіп алдық. Ол 8 жылға ұласты. Бір күні бір бағдарламаға шақырып қалды. Сол жерде әкеме хабарластым. Өзі де Алматыға келе жатыр екен. Кездесетін болып келістік. Ертеңіне 6 сағат бойы сырласып, ішіміздегі өкпе-ренішті шығардық. Аяғына жығылып тұрып кешірім сұрап, артық айтқан сөздеріме өкіндім”, – деді әнші.
-
"Балалы болуға дайынмын": Айгүл Иманбаева екінші некесінен сәби сүйгісі келетінін жасырмады
-
"Немере бақпайтын әжемін": Айгүл Иманбаева келініне қандай талап қойғанын жасырмады
Сонымен қатар өнер иесі әкесінің екінші некесіндегі отбасымен араласатынын жеткізді.
“Алты сағат сөйлесіп, арманын айтты. Арманым – қызымды сендердің үйірлеріңе қосу” деді. екінші некесінен қызы бар еді. Сіңлімізді де бауырымызға тартып, араласып кеттім. Әкемнің сол арманын орындадым деп ойладым. Дәл сол оқиғадан кейін, бір жылдан кейін дүниеден озды. Ол кезде Лондонда едім. Жатақханада тұрамын. Әпкем хабарласып, әкеміздің қазасын естіртті. Мен бір аптадан кейін ғана жетісіне қатыстым. Жаман аурумен ауырды. Баян Мақсатқызының құдағиы онколог-дәрігер ғой, сол кісімен байланысып отырдық. Бірақ өте кеш білдік”, – деп толқыды өнер иесі.
Еске салайық, "Өлсеңіз, топырақ салуға келмеймін" деген әнші Айгүл Иманбаева өмірдегі өкінішін айтқан еді.