Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяғын тартып, баспалдақтан сүйрелеген": Сотта Марат Әйтеновтің Әйтешованы бала-шағасымен үйден қуып шыққан кездегі видеолары көрсетілді

Астанада Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтенов пен оның бұрынғы әйелі Дана Әтешоваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотта Әйтеновтің бірнеше қызметкерлермен келіп, Әтешованы бала-шағасымен қуып шыққан видеолар көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жәбірленуші тарап пен айыпталушы тарап та сотқа видеоларды ұсынды. Алғашқы үш видеода Әйтеновтің Әтешованы қалай сүйрелегені және құзырлы қызметкерлердің балаларды көтеріп алып, шығарып шыққаны көрсетілді. Әйтенов Әтешованың сол аяғын тартып, еденде сүйрелеп далаға шығармақ болғаны көрінеді. Келесі видеода оның белінен қысып, көтеріп, үйден далаға шығармақ болады. Әтешованың полициядан көмек сұрап, айқайлағаны байқалады, бірақ оған ешкім көмек бермейді. 

Одан соң Әйтенов Әтешованың мойнын қысып, далаға шығарып, кейін оның үстіне отырып алады.

Келесі видеода Әтешова балаларымен баспалдақта отырады. Әйел балаларға тиіспеуді сұрайды. Балалар қатты жылап, анасының артына тығылған. Соған қарамастан Әйтенов әйелді баспалдақтан сүйреп, аяғынан тартады. 

“Әйтенов Әтешованың әпкесін итеріп, Әтешованы сүйрелейді. Ал ювеналды полиция қызметкері қызды, күзет қызметкері ұлды сүйреп шығарғаны заңсыз. Заңға сәйкес, олай шығаруға болмайды”, – деді адвокат Әлия Омарова.

Айыпталушы тарап ұсынған видеода сот орындаушының Әтешованы Dream City-дегі 4 бөлмелі пәтерге көшуге көндіріп жатқаны көрсетілген. 

“Пәтер басқа біреудің атында еді, мен ұлымның атына аударсын дедім. Өйткені арада жағдай болса, тағы осылай қуып шыға ма деп қорықтым. Өйткені ұлымның атына аударғанын қаласаң, көпшілік алдында кешірім сұрап, барлық ақпаратты жалған деп айтуын талап етті. Бұл пәтерге көшкен кезде де түрлі талаптар қойып, мені экономикалық тәуелді еткісі келгені сөзсіз”, – деді жәбірленуші.
подставить. 

Еске салайық, Дана Әтешова 12 шілде күні бұрынғы күйеуі мен оның адамдары тәртіп сақшыларымен өзін үйден күштеп, қуып шықпақ болғанын айтты. Әтешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің үстінен бірнеше рет шағымданған. Ол – Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы. Сондай-ақ Дана Әтешова президенттен көмек сұраған еді.

Бұған дейін Марат Әйтеновтың 5 тәулікке қамауға алынғаны туралы жазған едік.  Сотта бұрынғы ерлі-зайыптының балаларының психологиялық жағдайы туралы маманның пікірі оқылды.

Талқылау