Автобус қағып өлтірген әйел қазақстандық әншінің әжесі болып шықты
Алматыда №16 бағыттағы жолаушылар автобусы қағып өлтірген әйел The Jigits тобының әншісі Равиль Исаковтың әжесі болып шықты. Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Равильдің әжесі алған жараққаттың салдарынан оқиға орнында жан тапсырған. Әншінің айтуынша, көлік оның әжесін жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде қағып кеткен.
«Бүгін сүйікті әжемнен айырылдым. Автобус оны жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезінде қағып кетті. Билік өкілдеріне айтарым бар. Қаламыздағы автобустар жарысы қашан тоқтатылады?» – деп жазды қайғыдан қан жұтқан Равиль Исаков.
Есте болса, Алматыда жолаушылар автобусының 1944 жылы туған әйелді қағып өлтіргенін жазған болатынбыз.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)
Роза Рымбаеваның кіші ұлы не себепті анасының тегінде қалғанын түсіндірді (видео)
«Көршінің қызын» айтпағаны үшін қария Тоқтар Серіковті балағаттап кеткен
Талқылау