Автобус аударылып кеткен: 45 адам көз жұмған жол апатында 8 жасар қыз ғана тірі қалды
Оңтүстік Африканың Лимпопо провинциясында автобус аударылып, 45 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оңтүстік Африканың SABC агенттігінің мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус қоршауға соғылып, шамамен 50 метр биіктіктен шатқалға құлаған. Жол апаты Мокопане мен Маркен қалаларының арасындағы Маматлакала тау асуында болды.
Автобуста болған жолаушылардың ішінде сегіз жасар қыз ғана аман қалған. Бүлдіршін ауыр жарақат алғанымен жағдайы тұрақты.

"Автобус көпірдегі қоршауға соғылғанда қыз автобустан ұшып кеткен, сол себепті аман қалды деп есептейміз", – деді Оңтүстік Африка көлік министрлігінің өкілі Солин Мсиби.
28 наурызда болған апаттан кейін құтқару операциясы басталып, жұма таңына дейін жалғасқан. Марқұмдардың мәйіттері шатқалдан шығарылды, автобус өртеніп кеткендіктен мәйіттердің тоғызын ғана анықтау мүмкін болған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"