Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралиялық кенгурудың көмегімен теракт жасамақ болған

Австралиялық азамат кенгурудың қалташасына жарылғыш зат жасырып, оған «Ислам мемлекеті» деген белгі салып, бұл «сәлемдемесін» полицияға қарай жолдамақшы болған. Мельбурндағы сот тыңдалымында айыптаушы тарап осылай мәлімдеген.160128061904_besim_624x351_9news_nocredit

Бұл туралы Русская Служба хабарлайды.

19 жастағы Севдет Рамадан Бесимге арналған сот отырысы бейсенбі күні басталды. Ол полиция автокөлігіне шабуыл жасамақшы болды және террорлық сайттарға жиі бас сұғып, онда тіпті теракт жоспарларын талқылаған болуы мүмкін деп айыпталуда.

«Мен бірнеше тәртіп сақшысын ажал құштырғым келді», – деп Бесимнің хабарлағанын полиция өкілдері де растап отыр.

«Кездесуде Бесим сол күні не істегенін айтып берді. Олар кенгурудың қалтасына С-4 жарылғышын салып, оның сыртына «Ислам мемлекетінің» таңбасын басып полицияға қарай жібермекші болған», – делінген хабарламада.

Шабуыл Австралия мен Жаңа Зеландия майданда қаза болған жауынгерлерін еске алатын 25 сәуір күні жасалынбақ болыпты. Бесим болса өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ.

Талқылау