Австралияда көлік жүргізушісі рульдің орнына таба орнатып алған
Австралияда полиция темір табаны руліне орнатып алған жергілікті жүргізушіні ұстады.
Аделаида қаласында «Мазда» маркалы көлігінің рулін алып тастап, орнына табаны орнатып алып алған 32 жастағы көлік жүргізушісі ұсталды.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, осы құқық бұзушылығы үшін аталмыш жүргізушіге бірнеше мәрте айыппұл салынғанымен ол рулдің орнына қойылған темір ыдыспен көлігін басқара беруін қоймаған.
Қазір австралиялық сотқа тартылуда. Сот отырысы бүгін өтеді. Елдің жол ережесіне сәйкес көліктің басқаруға қатысты бөлігі өзгергенде оған рұқсат алынуы керек. Ал ол талапты орындамаушыға қатаң жауапкершілік көзделген.
Жіберіп алмаңыз:
Көлігін тұраққа қоймақ болған әйел онымен Ferrari-дің үстіне шығып кетті (видео)
Жүргізуші мысықты қағып кетпеу үшін қымбат көлігін “құрбан” етті (фото)
Талқылау