Көлігін тұраққа қоймақ болған әйел онымен Ferrari-дің үстіне шығып кетті (видео)
Американың Виргиния штатының солтүстігіндегі Грейт-Фолс қаласында бір әйел өзінің ескілеу Mercedes-Benz 380SL автокөлігін шамамен 300 мың доллар тұратын Ferrari 458 Speciale-дің үстіне қойған деп жазады UPI.

Оқиға Katie’s Cars & Coffee дәмханасының алдында орын алған. Ferrari-дің үстіне «мініп алған» Mercedes-тің қайта түсу әрекетін оқиға куәгерлері қызықтап фото мен видеоға түсірген.
Оқиғаның ең қызық жері – Ferrari-дің иесі келген кез. Қатты таңырқаған ол кінәлілерге қарап: «Сұмдық! Өмірімде көрген ең ақымақ нәрсе осы шығар…» – депті.
Оқиға салдарынан, автокөліктің бампері мен капоты аздап зақымданған. Тәртіп бұзушының қандай көлемде өтемақы төлейтіні әзірге белгісіз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады