Австралияда 11 жастағы бала 6 жасар туған інісін зорлап тастаған
11 жастағы жасөспірім өзінің туған бауырын екі рет зорлаған. Бала жас болғандықтан, сот қандай да бір жаза тағайындаудан бас тартқан.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Жасөспірім 11 жасында өзінің 6 жастағы інісін зорлаған. Бұл оқиға арада екі апта өткен соң да қайталанған. Жаңа Оңтүстік Уэльс қаласының тұрғыны 11 жастағы бала өзінің әрекетінің қате екенін түсінгенімен, соттың оны айыптауға айғақтары жетпеген.
Алғаш рет зорлаған кезде інісі есікке қарай жүгірген. Сол сәтте ол інісін ұстап алып “Бұл бөлмеден шыққың келсе, менімен жыныстық қатынасқа түсесің” деп шарт қойған. Артынша 11 жастағы жасөспірім мүшеқап киіп інісін зорлап тастайды. Бірнеше аптадан кейін ағасы мен інісі үйде тағы да жалғыз қалып қояды. 6 жастағы жәбірленуші бұл жолы да әпкесін көмекке шақырып үлгермей қалады.
Мамандардың айтуынша, 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер өздері жасаған қылмыстары үшін жауап бермейтініне толықтай сенімді болады. Сотқа оқушының оқу табелі әкелінбегендіктен, оның интеллектуалдық мүмкіндіктерінің қандай екені анықталмаған. Әлгі жігіт 18 жасқа толған соң IQ тест тапсырады. Психолог маман осы тестінің нәтижесінен кейін оның есінің дұрыс еместігін дәлелдеген.
Мауглидің шынайы өмірі: пілді аға, қабыланды дос тұтқан бүлдіршіннің таңғажайып оқиғасы (фото)