Aviata іссапарларды ұйымдастырудың автоматтандырылған жүйесін іске қосады
2024 жылдың 1 қарашасында Aviata және Chocotravel Business командалары корпоративтік клиенттерге арналған іс-шара өткізіп, іссапарларды ұйымдастыру қызметінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Компаниялар Freedom Holding Corp. құрамына кіргеннен кейін өздерінің қызметтері мен технологиялық мүмкіндіктерін біріктіріп, нәтижесінде Chocotravel Business іскерлік саяхаттарды ұйымдастыруға арналған инновациялық шешім Aviata Business-ке айналды. Платформадағы ауқымды жаңартулар іссапарларды жоспарлау барысының автоматтандырылуы мен ыңғайлылығын түбегейлі жаңа деңгейге шығарады.
Саяхат-саясатын автоматты басқару және барлық қызметтер үшін бірыңғай интерфейс
Көптеген компанияның өз саяхат-саясаты бар. Бұл – тұруға рұқсат етілетін қонақүйлердің деңгейі және қызметкердің лауазымына байланысты ұшақтарда ұшу класы. Егер бұған дейін саяхат-саясатының сақталуы жауапты қызметкерлердің тұрақты қол бақылауын талап етсе, қазір бұл процесс толығымен автоматтандырылды. Қызметтің жаңа нұсқасында іссапарлар үшін корпоративтік ережелерді орнату жүйесі жеке кабинетке енгізілді. Қызметкерлердің әртүрлі санаттарына арналған параметрлерді бір рет баптау жеткілікті, осыдан кейін жүйе сәйкес сүзгілерді автоматты түрде қолданады. Мысалы, жүйе тек рұқсат етілген ұшу класстарын, қолайлы қонақ үй санаттарын және қолжетімді трансфер түрлерін ғана көрсетеді. Осы жүйенің арқасында енді іссапарлардың корпоративтік стандарттарға сәйкестігін қадағалау үшін әрбір іссапарды қолмен тексерудің қажеті жоқ.
Жаңартылған қызмет кешенді шешімді ұсынады: іссапарға қажетті барлық қызметтер бір интерфейсте қолжетімді. Пайдаланушылар әуе және пойыз билеттерін өз бетінше таңдап, біріктіре алады, сондай-ақ қонақүйлерді брондап, трансферлерге тапсырыс бере алады. Бұл қызмет өзінің бұған дейінгі нұсқасымен салыстырғанда түбегейлі жақсартылған. Бұған дейінгі нұсқада пайдаланушы тек ұшақ және пойыз билеттерін ғана өзі сатып алып, ал қонақүйлер мен трансферлерді брондау үшін арнайы қызмет өкіліне хабарласуға мәжбүр еді.
Барлық іссапарды бір рет басу арқылы рәсімдеу және құжаттарды автоматты түрде жасап шығару
Бұрын қызметкерлер әр қызметті бөлек рәсімдеп, іссапарға бару үшін қажетті барлық құжаттарды өз бетінше жинауы керек еді. Енді барлық қажетті қызметтерді бір тапсырысқа: әуе билеттері, қонақүй, трансферлерді біріктіріп, мақұлдау үшін бірден жетекшіге жіберуге болады. Бекітілгеннен кейін іссапар бір батырманы басу арқылы рәсімделеді. Бұған қоса, жүйе бұрын көп уақытты қажет ететін тәуліктік төлемдерді есептей отырып, іссапар туралы бұйрықты автоматты түрде жасайды.
Платформаның жаңа нұсқасы автономды болғанына қарамастан, Aviata Business клиенттері әлі де жаңа платформаның функцияларымен таныстыруға дайын менеджерлердің жеке қолдауына жүгіне алады. Сондай-ақ қызмет бизнес клиенттеріне жан-жақты қолдау көрсете отырып, тасымалдаушылармен, қонақүйлермен және басқа да қызмет көрсетушілермен корпоративтік келісім-шарттар жасауға көмектеседі.
Aviata Business жаңартуы іссапарларды ұйымдастырудағы сапалы серпілістің көрінісі. Қызметтің жаңа нұсқасы компанияларға іссапарларды жоспарлауға кететін уақытты айтарлықтай қысқартуға, күнделікті процестерді автоматтандыруға және корпоративтік стандарттардың толық сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Басқа компаниялар бұрынғыша іссапарларды жоспарлаудың дәстүрлі әдістерін қолданып жүрсе, Aviata Business клиенттері заманауи автоматтандырылған платформамен жұмыс істеуде. Бұл шешім іскерлік саяхатты ұйымдастыруды қарапайым, жылдам және тиімді үдеріске айналдырып, бизнес үшін құнды уақытты үнемдейді.
Жарнама құқығында