Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Авиаотынның бағасы түсті: Ерлан Ақкенженов энергетикада мәселе барын мойынды

Авиаотынның бағасы түсті: Ерлан Ақкенженов энергетикада мәселе барын мойындыФото: Видеодан скрин

Мемлекет басшысы әуе отынының қымбат екенін айтып, энеригетика министрлігіні сынға алған еді. Тоқаевтың сынына кейін шетелдік авиакомпаниялар үшін авиаотынның бағасы 20%-ға төмендетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов энергетика саласында проблемалардың бар екенін мойындады. 

“Энергетика саласында шынымен де проблемалар бар, мен оны мойындауым керек. Министрлік мемлекет сенімін ақтау үшін барлық қажетті жұмыстарды атқаруда, алайда проблемалардың бар екенін жоққа шығару мүмкін емес”, — деді Ерлан Ақкенжанов.

Оның айтуынша, бұрын әуежайларда авиаотын құю бойынша монополия болған. Қазір бұл шектеу алынып тасталды. Енді “ҚазМұнайГаз-Аэро” ұлттық компаниясы ұшақтарға отын құю үшін әуежайлардың өзіне шыға алады. 



Министр бұл бағаның бірден төмендетуіне әсер етті деп отыр.

“Авиаотынның құны 1200-1250 теңгеден 940 теңгеге дейін. Біздің мақсатымыз оны 890 теңгеге дейін төмендету”, – дейді Ерлан Ақкенжанов.

Бұған дейін Қазақстанда әуе отыны бағасының төмендеуіне байланысты әуе билеттері арзандайтыны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026 11:52