Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр дертпен күрескен Марлен мен Әнел өз өмірлері жайлы кітап жазбақшы

Күнім, сен сөнбеші! Ауыр дертпен күрескен атыраулық ғашықтар – Марлен мен Әнелді Қазақстан жұртшылығы дәл осы әнбаяннан кейін таныды. Қос ғашықтың сан-қилы тағдырын естіген Ернар Айдар оларды түсірілімге арнайы шақырған. Марлен мен Әнелдің хикаясы көпшілікті тәнті етті, қызықтырды. Алайда тағдырдың ауыр сынағымен күрескен бұл жұпқа да сын айтушылар көп болып шықты.

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Мін тағушыларға Марлен мен Әнелдің өз айтары бар.

“Әр адамның өз сана-сезімі бар. Ол сол пікірмен тек өздерінің қандай адамдар екенін көрсетеді”, – дейді Әнел.

“Сол адамдар тыңдап отырса, айтқым келеді. Жазар алдында екі рет ойланып жазсын”, – дейді Марлен.

Көпке үлгі болған атыраулық ғашықтар бейнебаян кейіпкері болып қана қалғысы келмейді. Олар болашақта бастан кешкен тағдырлары жайында кітап жазып, елге ұсынбақшы.

“Шыны керек, ол менің арманым деп айта аламын. Болашақта көп уақыт ұзамай өзімнің кітабымды қолыма ұстаймын деп ойлаймын. Жай ғана кітап етіп шығарғым келмейді, Марлен екеуміздің махаббатымыз жайлы және өткен сынақ, онымен қалай күресу керек және Алла Тағалаға сенім туралы жазғым келеді”, – деп бөлісті Әнел.

Бұл ретте Марлен жігіт сүйіктісінің әр бастамасына қолдау көрсететінін айтты.

“Кітап жазамын десе, көмектесемін. Қолдаймын ғой кез-келген жағдайда. Айтылмаған іштегі дүниелерді шығарып, халыққа пайдасы тисе деп ойлаймыз”, – деп түсіндірді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыз Әбдікәрімова желіде сын жазғандарға ұрсып тастады

Жұрт Баян Мақсатқызының жас кездегі сұлулығына қайран қалды (видео)

Асхат Тарғын: Тұңғышым-Айым бауырын жақсы көріп, оған қамқорлық көрсетеді деп сенемін

Жас кезіндегі суретін көрсеткен Сәкен Майғазиев жұртты күлкіге қарық қылды

Талқылау