Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

AUYL SPORT: балалар арманы мақсатқа айналатын жаңа дәстүр

размещение

AUYL SPORT - мыңдаған ауыл жасөспіріміне үлкен спортқа жол ашатын мүмкіндік. 2025 жылы жоба еліміздің түкпір-түкпірінен 10 мыңнан аса қатысушыны біріктіріп, чемпиондардың бастауы ауылдан екенін дәлелдейді.

Алғашқы жеңістер мен жаңа есімдер

Қызылорда облысында маусымның ашылуы өтті. Жарысқа 1200-ден аса бала қатысып, 236 медаль сарапқа салынды. Жаңақорған және Қазалы аудандары көш бастап, ұлттық финалға лайық деңгей көрсетті.

размещение

Жас спортшылар жарыс туралы пікірін айтты:

"Мен Қамшыбек Қоңқабаев сияқты болғым келеді. Мен үшін AUYL SPORT - үлкен спортқа алғашқы қадам".

Серіктестік пен қолдау

Тимур Құлыбаевтың "Halyk" қайырымдылық қоры бастамасымен жүзеге асқан жобаға Қазақстан бокс федерациясы мен Туризм және спорт министрлігі қолдау көрсетіп жатыр.

Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов турнирдің басты мақсаты мен биылғы жоспарлар жайлы пікір білдірді:

"AUYL SPORT - бір реттік турнир емес, шынайы платформа. Біз бапкерлер дайындап, спорт залдарын жаңартып, балаларға бұрын болмаған мүмкіндікті ұсынамыз, яғни ауыл мектептерінде үлкен спортпен айналысуға жол ашамыз". 
 
размещение

Ауылдан әлемге

AUYL SPORT 2024 жылы басталып, алғашқы нәтижелерін көрсетіп үлгерді. 12 мыңнан аса ауыл баласы турнирлерге қатысып, көпшілігі республикалық және халықаралық жарыстарға жолдама алды.

2025 жылдың көктемінде жобаның тәрбиеленушілері Қазақстанға әлемдік аренада алғашқы медальдарын сыйлады. Бұл — ауыл чемпион тәрбиелей алатынын дәлелі.

размещение
 
Болашаққа жоспар

2025 жылы жобаның ауқымы кеңейеді: турнирлер елдің барлық өңірінде өтеді. Ұйымдастырушылардың мақсаты - AUYL SPORT-қа 10 мыңнан аса мектеп оқушысын тарту.

Қорытынды

AUYL SPORT - жай ғана жарыс емес, балаларға арманға жол ашатын және жаңа чемпиондар буынын қалыптастыратын қозғалыс.
 Ал бұл жолдың бастауы - ауыл.

размещение

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 14:45
Талқылау