Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы вице-министрі көкөніс бағасы 15 пайыз төмендейтінін айтты

Ауыл шаруашылығы вице-министрі көкөніс бағасы 15 пайыз төмендейтінін айтты

Фото:  

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәжіліс кулуарында көкөніс бағасының маусымға байланысты төмендейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол көкөніс нарығындағы жағдайдың тұрақты екенін атап өтті.

"Бұдан бөлек, біз тұрақтандыру қорындағы өнімдерді босаттық, қазіргі таңда ол қорларда іс жүзінде өнім қалмаған. Қазір фермерлермен келісімшарттар жасалып жатыр, соның ішінде форвардтық сатып алу тетігі де бар. Қазір маусымаралық кезең, ал маусым басталғанда баға автоматты түрде 10–15%-ға төмендейді", – деп қосты вице-министр.

Картоп биыл да қымбаттай ма – Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Картоп биыл да қымбаттай ма – Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Оқыңыз

Оның айтуынша, қазіргі уақытта картоп бағасы тұрақтанған.

“Әлеуметтік картоптың бағасы 200 теңгеге дейін төмендеуі тиіс. Қазір картоп бағасы тұрақты. Баға тұрақтылығы ішінара шетелден жеткізілетін өнімдердің арқасында қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар, Түркістан облысының диқандары қырыққабаттың алғашқы өнімін жинап, оны экспортқа жөнелтуде. Бұл – ерте пісетін қырыққабат, ұзақ сақталмайды, сондықтан бірден нарыққа түседі", – деді Сұлтанов.

Еске салсақ, Қазақстанда наурыз айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының орташа өсімі небәрі 0,3% болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе төмен. Жалпы бірінші тоқсанда баға өсімі 1,2%-ды құрап, 2025 жылғы 3,8%-дан айтарлықтай төмендеген.

Бағаның ең көп төмендеуі көкөніс өнімдерінде тіркелді. Атап айтқанда, қырыққабат 1,9%-ға, қызанақ 2,6%-ға, пияз 10,9%-ға, ал қияр 22,6%-ға арзандаған. Жыл басынан бері қияр бағасы 31,1%-ға төмендеді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 20:20