Аустрияда жігіт мектепте атыс шығарды: Он бір адам қаза тапты
Фото: Видеодан скрин
Аустрияның Грац қаласындағы мектептердің бірінде атыс болды. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kronе басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кейінгі мәліметтер бойынша, 11 адам қаза болды, жарақат алғандардың саны белгісіз. Олардың көпшілігінің жағдайы ауыр. Жергілікті ақпарат құралдары оқ атқан адамның бұрын сол мектепте оқыған 21 жастағы жігіт екені екенін хабарлады. Ол екі сыныпқа кіріп, оқ жаудырған. Куәгерлердің айтуынша, 20-ға жуық оқ атылған.
Шабуылдан кейін күдіктінің денесі мектеп дәретханасынан табылған. Ол өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім өзінің буллинг құрбаны болғанын мәлімдеген.
Graz:🕯Zahl der Toten steigt auf 11
— AUF1 (@AUF1TV) June 10, 2025
Wie die 16-jährige Schülerin AUF1 exklusiv mitteilte, ist die Zahl der Toten auf elf gestiegen, so ein Rettungssanitäter gegenüber dem Mädchen. Schwerverletzte werden per Rettungshubschrauber in umliegende Krankenhäuser gebracht. Laut Polizei… pic.twitter.com/n2vGn8cLAb
Оқиға орнында полиция мен Cobra арнайы жасақтары жұмыс істеп жатыр. Мектеп толықтай қоршауға алынды, ғимарат ішін тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Аустриядағы барлық ішкі саяси шаралар тоқтатылды. Ішкі істер министрі Герхард Карнер оқиға орнына шұғыл аттанды.
⚡️JUST IN: The attacker who carried out the shooting in an Austrian school considered himself a victim of bullying
— NEXTA (@nexta_tv) June 10, 2025
The perpetrator was found dead in one of the toilets during a search of the school. Before that, he managed to enter two classrooms, shooting both teachers and… https://t.co/0yhh03rAEb pic.twitter.com/8DP2FPpYwG
Билік азаматтарды арнайы операция жүріп жатқан аймаққа жақындамауды сұрайды. Мұғалімдердің бірінің күйеуінің айтуынша, әйелі бірнеше оқ естіген соң оқушылармен бірге сыныпта жасырынған. Қашып үлгерген оқушылардың ата-аналарына балаларымен кездесуге рұқсат берілді. Жараланған мектеп оқушыларына медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
🚨🚨🚨BREAKING: At least nine dead in school shooting in Graz, Austria
— NEXTA (@nexta_tv) June 10, 2025
Preliminary reports indicate that the attacker was shot dead. Both students and teachers are among the victims.
Several police units and the Cobra special forces have been deployed in the city.
There is… pic.twitter.com/dbECqb3KVQ
Айта кетейік, бұған дейін Швецияда мектепте атыс болып, салдарынан 11 адам мерт болғаны туралы жазған едік.

Оралдықтар көпқабатты үйдің ауласында Құрбан айт тойлаған: Олар енді айыппұл арқалай ма
