Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аустралиялық хоккейші Париждегі олимпиадаға қатысу үшін саусағының бір бөлігін кесіп тастаған

Аустралиялық көгалдағы хоккейші Париждегі олимпиадаға қатысу үшін саусағының бір бөлігін кесіп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images

Аустралиялық көгалдағы хоккейші, 30 жастағы Мэтт Доусон Парижде өтетін олимпиада ойындарын жіберіп алмау үшін саусағының бір бөлігін кесуге шешім қабылдаған. Спортшы екі апта бұрын жаттығу кезінде оң қолының төртінші саусағын сындырып алған. Сынықтың ауыр болғаны соншалық, Доусон шешінетін бөлмеде саусағын көріп, есінен танып қалған. Спортшының қолына ота жасаған хирург  айығуға бірнеше ай қажет екенін, олимпиадаға қатысуын мүмкіндігі жоқ екенін айтқан. Дегенмен, Доусон зақымдалған саусағын ампутациялауға шешім қабылдап, Париждегі олимпиадаға қатысу арманы екенін айтқан. 

Айта кетейік, көгалдағы хоккей спортынан Париж олимпиадасына Қазақстан құрамасы жолдама иелене алмаған. Бұл спорт түрінен Парижде 16 команда бақ сынап, олимпиаданың жүлдесіне таласады.  

Талқылау