Ауруханада сал болып қалған 6 айлық сәби: Денсаулық сақтау басқармасы жағдайды бақылауға алды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақтөбедегі науқастардың жағдайын бақылауға алды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
«Қазіргі уақытта осы екі жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр: ата-анасының келісімінсіз пункция жасалған 6 айлық сәби мен босанғаннан кейін комаға түсіп қалған әйел», – делінеді хабарламада.
Денсаулық сақтау комиетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті орын алған екі жағдайға қатысты тексеріс жүргізу үшін, бейінді тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып комиссия құрды.
Сондай-ақ, ведомстводағылар науқастардың жағдайы үнемі бақылауда болатынын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе тұрғыны Эльмира Кульманованың ұлы Самғат Көлбай инфекциялық ауруханаға түскен. Онда сәбиге пункция жасалып, салдарынан сал болып қалған.
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар: Адам жас денеде 130 жасқа дейін өмір сүре алады
Киім түстері де әр түрлі дертті емдеп жазады
Қазақстанда алғаш рет денені тілмей өңеш обырына ота жасалды