"Ауруханаға антисептикке уланып түсті": Қонаевта жасөспірімді қатарластары ұрды деген ақпарат жоққа шығарылды
Қонаев қаласының әкімдігі кәмелетке толмаған оқушыны құрдастары аяусыз ұрып-соқты деген ақпаратты жоққа шығарды. Әкімдік мәліметінше, жасөспірім ауруханаға антисептикке уланып түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram gulmir_ktk
Білім бөлімі мектеп-гимназияда арнайы комиссияның құрылғанын айтты. Студент ауруханаға "антисептикке уланып қалып" түскен. Қазір оның жағдайы тұрақты деп бағаланды, ем алып жатыр.
Қонаев қаласының полиция басқармасы өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тексеріп жатыр.
"Тергеу іс-шараларының нәтижесінен соң түпкілікті процестік шешім қабылданады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады полиция.
Жасөспірімнің анасы да төбелес туралы қауесетті жоққа шығарды.
-
Қызылордада босанған әйел "ВИЧ" жұқтырған: Оның донорлары мен баласынан инфекция анықталған жоқ
"31 қаңтарда менің кәмелетке толмаған ұлым жергілікті ауруханаға жеткізілді. Алайда қалаға кіре берістегі көпірдің астында оны ешкім ұрған жоқ, топтық төбелес болған жоқ", – деді әйел.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін Қонаевта бір топ мектеп оқушыcы қатарласын аяусыз соққыға жықты деген ақпарат тараған еді.