Ауланың қарын әрең күреп шықтым: Владимир Божко Қазгидромет қызметіне оң баға берді
Парламент мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко Қазгидромет қызметіне оң баға берді.
Владимир Божко журналистерді министрліктің ШҚО-дағы тасқынның алдын алу үшін жасалып жатқан жұмыстарына көңіл бөлуге шақырды.
«Бес айлық нормадағы жаңбыр жауды. Су бұзылып кетеді деп ойлайсыздар ма? Сіздер Айда тұрып жатқан секілдісіздер. Су ағып кетпей ме? Қар жауады, жаңбыр жауады, табиғи құбылыстар болады. Бірақ осыған кеткен қаражатқа неге көз жұма қарайсыздар? Жол жасалып, техника дамып жатыр. Кеше ұшақпен мотор сорғыштар жеткізілді. Қаражат болмаса, мотор сорғыштар да болмас еді. Қызылағаштағы оқиға бізге үлкен сабақ болды. Сондықтан ІІМ жұмыс істемей жатыр деп айта алмаймын», – дейді вице-спикер.
Журналистер Божкодан Қазгидрометке қандай баға бересіз деп сұрады.
«Шынымды айтсам Қазгидрометтің жұмысына таңғалам. Кешкісін қар жауады десе, айтқаны болады. Кеше таңертеңнен қар жауып, кешкісін жаңбыр жауады деді – солай болды. Менің өзім ауланың қарын әрең күреп шықтым», – деді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Кемероводағы өрт: Орталық қызметкерлері балаларды құтқармақ болған еріктілерге кедергі болған
СІМ: Кемероводағы өрттен қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ