Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде": Жұлдыз Әбдікәрімованың Түркияға кету себебі белгілі болды

Танымал актриса, кинопродюсер Жұлдыз Әбдікәрімова шетелге ұшып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Өнер иесі Түркияға кетіп, сол жақта ем қабылдап жатқанын айтты. 

"Стамбұлға қандай мақсатпен келдіңіз? Іс-сапар ма? Әлде демалыс па?" деп сұрап жатқандар көп екен. Бәріне жауап болсын. Менде жоспарлы тексеріс. “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" демейді ме? Мен тексерістің толық нұсқасын өткен жоқпын. Нақты бір сұрақпен келдім", – деді актриса. 



Айта кетейік, киножұлдыздың соңғы кезде денсаулығы сыр беріп жүргенін жазған едік. 

“Солқылдап тұрған басымды әрең көтердім. Айнаға қарасам, көзім кіртиіп, бетім бозарып тұрды. Әдеттегідей қатты шаршаған болармын. Ұйқының ақысын берсем, жазылармын дедім. Бірақ ұйықтай алмадым. Қос қолдап басымды құшақтап жата бердім. Балаларым кезек-кезек бөлмеге кіріп, менің күйімнен шошып кетті. Сезім мен Алау маған көрсетпей, бөлмелеріне барып жылап алған. Нарұл үлкен жігіт болып, дәрігер іздеп, дәрі беріп, айналасына хабарласып жатты. Хан жанымнан шықпай қойды. Түн ортасына дейін алыстым. Бас ауырғаны күшейе берді”, – деген еді кинопродюсер. 

Талқылау