Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауылда өскен қазақтың қызымын": Президенттікке үміткер Қарақат Әбден бие сауып, күбі піскенін көрсетті

Семей маңындағы өндірістік кооперативтердің бірінде болған президенттікке кандидат Қарақат Әбден бие сауып, күбі пісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Каракат Абден 2022

Төрт түліктің төлін баққан қазақ сүтін сусын, етін азық, өзін күш-көлік еткен. Осыны көкейіне түйіп, үлкендердің жолын қуған кандидат қолына шелек алып, бие сауды.

"Үш бие – бұлақ, екі бие - ел асы, бір бие – жоқтың қасы" деген халқымыз. Сондықтан жас ұрпақ жылқы бағудың, оның ішінде бие сауудың айрықша қажеттігін түсіну керек", – дейді кандидат. 

Саумалдан қымыз пісудің сан қырын үйретуде маңызды. Кандидат ат басын бұрған өндірісте 80 бие сауылады. Күніне 400-500 литр қымыз дайындалады.



"Ұлы Абайдың жеріне келіп, балалық шағымды есіме алып, өзім ауылда өскен, сиыр мен биені сауып өскен қазақтың қызымын ғой. Сондықтан біз үшін жылқы деген, қымыз деген өте ыстық", - дейді Қарақат Әбден.

Сонымен қатар кандидат Семейдегі қарттар үйінде болып, мекеме ұжымын кәсіби мерекелері Әлеуметтік қызметкерлер күнімен құттықтады. Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сауалдарға жауап берді.

Талқылау