Африкаға қарағанда бізде арзан – "Бәйтерек" холдингінің басшысы елдегі ет бағасы туралы

Фермерлер Қазақстанда сиыр етінің бір келісінің бағасы 10–12 мың теңге болуы керек екенін айтты. “Бәйтерек” холдингі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселеге түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Брифингте журналистер мал өсірушілер сиыр еті бағасын көтеру қажет деген мәлімдеме жасағанын айтты. Бұл мәлімдемеге “Бәйтерек” ұлттық холдингі басқарма төрағасы Рүстем Қарағойшин де жауап берді.
Ол Қазақстандағы ет өте арзан, тіпті Африкадан арзан екенін мәлімдеді. Онда баға шамамен 47 цент дейді.
“Мал импортталады, технология қымбат, ал фермерлер төмен бағамен жұмыс істей алмайды. Егер ет 1200-2000 теңгеге сатылып, пайда әкелмесе, онда үкімет субсидиялар арқылы араласуы керек” – дейді Қарағойшин.
Мәлімдемеге Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов та үн қатты.
“Бағаның өсуі ішкі нарықтағы бағаның көтерілгенін білдірмейді. Бізде экспорттық нарықтар бар. Ондағы баға тиімді. Бұл Өзбекстан, Түркия және басқа да елдердің нарықтары. Сондай-ақ Қытай және Ресеймен шекара маңында сауда жүргізіледі. Ол жақта өндірушілер табыс таба алады”, – деді Сұлтанов.
Оның айтуынша, саланы дамыту үшін арнайы бағдарлама қабылданған.
Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қойылған шектеу ұзартылды
Бектенов сиыр етінің бағасын Астананың тәжірибесімен тұрақтандыруды тапсырды
“Ірі қара мен ұсақ мал басын көбейтуге бағытталған бағдарлама бар. Сонымен қатар қоян өсіру, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы сияқты басқа да бағыттар дамып жатыр. Бағдарлама көпсалалы. Мал басы мен ет өндірісінің көлемі артқан соң және қолданыстағы шектеулер алынған кезде, бұл фермерлер үшін үлкен қолдау болады”, – деді вице-министр.
Ол артық өндіру жағдайында нарықтағы теңгерім сақталатынын айтты.
“Фермерлер сыртқы нарықтарда табыс табады. Өндіріс көлемі артық болған жағдайда ет әрі экспортқа, әрі ішкі нарыққа бағытталады. Біз теңгерімді сақтаймыз. Бұған дейін сиыр еті бағасына қатысты болған жағдай қайталанбайды. Өйткені ішкі нарықты етпен толық қамтимыз”, – деді Азат Сұлтанов.
Айта кетейік, бұған дейін Фермерлер сиыр етінің бағасын келісіне 10-12 мың теңгеден сатуды ұсынғаны туралы жазған едік.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр