Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстандық өзінің 140 жаста екенін мәлімдеп, биліктен құжатын тексеруді сұрады

Ауғанстанның Хост провинциясының тұрғыны Акел Нәзір өзінің 140 жаста екенін мәлімдеді. Ол өзін әлемдегі ең қарт адам деп санап, жасын құжаттармен дәлелдемек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tolonews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Tolonews.com

Қарияның айтуынша, ол әмір (1919-1926 жылдары) мен Ауғанстанның бірінші патшасы (1926-1929 жылдары) Аманулла ханның тұсында 30 жастан асқан. Сол кезде Акел елдің Ұлыбританиядан тәуелсіздік алу мерекесіне қатысыпты.

"Мен патша Аманулла ханмен бірге сарайда болдым. Ол кезде жасым 30-дан асқан еді. “Ағылшындар қашып, тізерлеп бас иді” деген сөзді естігенім есімде. Бәрі қуанып, Аманулла ханға ағылшындарды қуып жібергені үшін алғыс айтты", – деді ол телеарнаға берген сұхбатында.

Фото: Tolonews.com

Нәзірдің жасын туыстары да растады. Олардың айтуынша, қарияның шөберелері бар. Ер адамның отбасы құзырлы органдардан оның жасын растайтын құжатты тексеруді сұрады.



Хост провинциясы губернаторының баспасөз хатшысы Мұстағфар Гурбаз үкіметтің "қарияның жасын анықтау үшін" АХАЖ бөліміне арнайы топ жіберуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Нәзірдің жасы расталса, провинция билігі оны "әлемдегі ең қарт адам” ретінде тіркемек.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияның және әлемдегі ең қарт адам Томико Итоока 116 жасында қайтыс болғанын жазған едік. 

Талқылау