Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстанда енді әйелдер бір-бірімен де тілдесе алмайды

Талибан тағы да әйелдердің құқығын шектейтін кезекті заңын шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Талибан тағы да "ізгілікті насихаттап, жамандықты жоюға" бағытталған бірқатар заң қабылдады. Бұл кодекске сәйкес, әйелдің даусы күнә болып саналады. Осыған дейін әйелдерге көпшілік алдында дауыс шығарып, сөйлеуге болмайтын еді. Енді әйелдің басқа әйелмен тілдесуі де күнәға жатады.



Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл заңды айыптап, оның қабылдануына алаңдаушылық білдірді.

2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен бері елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамсыз көшеде жүруіне, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.

Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға тыйым салынады. Сұлулық салондары жабылды. Әйелдерге арналған баспаналар жабылып, "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы" заңның күші жойылды.

Еске салсақ, бұған дейін Ауғанстанда әйелдерге көшеде сөйлеуге, дауыс шығаруға тыйым салынғаны айтылды. 

Талқылау