Ауғанстанда такси жүргізушілер аптап ыстықтан қорғану үшін көлігінің төбесіне қолдан жасалған салқындатқыш орнатып алған
Фото: Видеодан скриншот
Ауғанстанның Кандагар қаласында төбесіне бөшкелер мен түтіктер орнатылған таксилер назарға іліккен. Такси жүргізушілері аптап ыстықта қолдан жасалған осындай ауа салқындатқыштары арқылы қорғануды жөн көріпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Такси жүргізушілерінің айтуынша, Кандагардың оңтүстігінде температура 40 градустан асып кететіндіктен, көліктердегі кондиционерлер шыдас бермей, жиі күйіп кетеді екен.
"Қолдан жасалған салқындатқыш көлікке орнатылған кондиционерге қарағанда жақсы істейді. Кондиционер тек алдыңғы бөлікті салқындатады, ал бұл салқындатқыш бүкіл көлікті салқындатады", – дейді таски жүргізуші Абдул Бари.
Оның сөзінше, қолдан жасалған салқындатқыштың бір кемшілігі – құрылғыға күніне екі рет қолмен су толтырып отыру қажет.
"Бірақ өзіме жақсы жұмыс істеп тұр", – дейді ол.
Ел үкіметі алдағы апталарда елдің көп бөлігінде ауа температурасы күрт көтеріледі деп ескерткен.
Ал өзіміздің Оралда жергілікті билік аптап ыстық пен құрғақшылықпен күресу үшін көлікпен су шашып ауаны ылғалдандырмақ болған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан су шашатын көліктің суды көкке қарай шашып келе жатқанын көреміз.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
