Ауға түскен көгершін басты мутант-балық жұртты шошытты (видео)
Қытайдың Гуйан қаласының тұрғыны ауына түскен ерекше балықты видеоға түсіріп алған. Өз кезегінде желі қолданушылары көгершін басты балықты көріп, таңданысын жасыра алмады.

Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Желіде жарияланған видео кадрларынан көгершін басты үлкен балықтың жерде жатқаны байқалады. Сол жерде болған адамдар таңғалып, балықты суретке түсіре бастаған.
Балықтың пішініне қарағанда, балықшы ақ амур балығын ұстап алған. Балықтың бұл түрі тұқы тұқымдастарына жатады.
Алайда мутант-балықтың нақты қандай түрге жататынын анықтау мүмкін болмады. Себебі балықшы оны суға қайта жібере салған.
Тағы оқыңыз: Балықтар туралы қызықты мәліметтер
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты