Әуесқой боксқа қайта оралған Абылайхан Жүсіпов Грузиядағы турнирде топ жарды
Қәсіпқой бокстан қайта әуесқой боксқа оралған Абылайхан Жүсіпов Грузиядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Токио олимпидасындағы сәтсіздіктен кейін кәсіпқой боксқа бет бұрған Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа қайта оралғаннан кейін алғашқы турниріне қатысып, жеңімпаз атанды. Ол Грузияда өткен Әлем және Еуропа чемпионы Георгий Канделакидің жүлдесіне арналған халықаралық турнирде қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 қола медаль жеңіп, Абылайхан Жүсіпов турнирдің үздік боксшысы атанды.
Айта кетелік, Абылайхан Жүсіпов жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Ол Ұлттық құрамада 69 келі салмақта өнер көрсеткен еді. Абылайхан кәсіпқой бокста 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

