Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуелбекова баласын “тастап” клип түсіруге кірісті (фото)

Мөлдір Әуелбекова кішкентай сәбиін үйінде қалдырып жұмысқа шықты. «Туған ел» атты әніне бейнебаян түсіруге тіпті қала асып Алматыға жалғыз келген. Барлық материалдық шығынын сүйіктісі көтеріп отырған әнші екі айлық нәрестесін енесіне қалдырған.

 моль1

Сәуір айында өнердегі барлық аға-әпкелерінің басын қосып, шілдехана тойын жасамақ. Елге әуелі ұлы Сартайын емес, бейнеклипін  көрсетіп алғысы келген болар.

моль2

Әнші ана атанғаннан кейін көпшіліктің алдынан шығатын семіздік, рухани тоқырау деген сынды мәселелерді мүлдем білмейтін сияқты. Түсірілім алаңына барған Stan.kz  тілшісіне “Ешқандай да тамақты аз тұтынып, артық салмақпен күресу жұмыстары болған жоқ. Керісінше, балаға сүт көбірек болсын деген оймен бұрынғыға қарағанда тамақты асап жеуге тырысамын” деген еді.

моль3

Әнші уақытты тиімді пайдалану үшін би қимылдарын бала тербетіп отырып, телефон арқылы үйреніпті.

моль5

“Барлығына үлгеру керекпіз ғой. Қазір мүмкіндік деген жетеді. Сондықтан өзім күндіз Алматыда клип түсіріп, кешкісін Астанаға ұлыма асығамын. Онда баламды енем яғни апасы  қарап жатыр. Ол кісіге толықтай сенемін. Сондықтан ана атану, жұмысты жалғастыру деген дүниелерді қазіргі кезде үлкен мәселеге айналдырмау керек сияқты”,-дейді әнші.

моль7

моль8

моль9

моль10

моль11

Жіберіп алмаңыз: 

Продюсеріне тұрмысқа шығатын Луина той көйлегін көрсетті (фото)

Екі рет тұрмыста болған Шахизада тағы да ғашық болып қалды

Қазақстандық музыканттар Димашты қолдау үшін Қытайға аттанды

Ерлан Орынбасаров Баянның тұңғышымен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты

Талқылау