"Ауаға ұшқан ақша": Оралда аптап ыстықпен күресу тәсілі жұртты қайран қалдырды (видео)
Фото: коллаж
Оралда жергілікті билік аптап ыстық пен құрғақшылықпен күресу үшін ауаны ылғалдандыруды шешкен. Биліктің бұл шешімін желі қолданушыларының көбі құптай қоймаған сыңайлы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан су шашатын көліктің суды көкке қарай шашып келе жатқанын көруге болады.
"Орал қаласында жаз мезгіліндегі аптап ыстық пен құрғақ ауа райына байланысты ауаны ылғалдандыру және шаң-тозаңды азайту мақсатында аэрация жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл әдіс қала ортасында экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жұмыс – қаланың санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсарту жолындағы қадам", – деп түсіндірген қала әкімдігі.
Қала ауасын ылғалдандыру шарасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
"Жалғыз өзіне бүкіл қаланы ылғандандыру қиын емес пе?", "Дым пайдасы жоқ. Ақша мен уақыттың босқа кетуі", "Биылдыққа ауыз толтырып айтарлықтай ыстық болған жоқ.
Тек ауа тазарту үшін десе, келісуге болады", "Одан да арықтарды тазалап, су жүргізбей ме?Алдап, тағы у шашып жатқан болар", "Керемет, ары қарай дами берейік", "Ауаға ұшқан ақша", "Одан да ағаштарды суарғаны дұрыс еді", – деп жазған желі қолданушылары.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
